Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Назарбаевтың "алтын жұмыртқасы": KASE төріне шыққан АТБ банк...

12


 
Ресейлік АТБ Банкі Қазақстан қор биржасының (KASE) шетелдік мүшесі ретінде ресми тіркелді деп жазады Ertenmedia.

АТБ экс-президент Назарбаевтың төңірегімен тығыз байланысты, әрі Ресейдегі ең табысты қаржы институтының бірі.



Биржадағы жаңа мәртебе АТБ-ға Қазақстанда үш бағытта валюта, бағалы қағаз бен деривативтер нарығында толыққанды сауда жасау мүмкіндігін береді.

Осылайша, банк Қазақстан нарығына тікелей кіріп, жергілікті капитал ағынымен етене араласа алады.

АТБ-ның Назарбаев отбасымен байланысы бұрыннан айтылып жүр.

2021 жылы банк Pioneer Capital Invest компаниясы арқылы 14 млрд рубльге сатып алынған. Құрылымның Назарбаев әулетіне тиесілі екендігін барлаумен халықаралық басылымдар бірнеше мәрте жазған.



АТБ-ның табыс көрсеткіші назар аударайық.

Банктің соңғы үш жылғы таза табысы айтарлықтай өскен:

2022 жылы – 325,3 млн рубль,

2023 жылы – 8,18 млрд рубль,

2024 жылы – 11,38 млрд рубль.


Үш жылдағы жиынтық таза пайда 19,88 млрд рубльге жетіп, бастапқы инвестициядан 5,88 млрд рубль асып түскен. Теңгеге шаққанда бұл 30 миллиардтан асады.

Банктің негізгі табыс көзі пайыздық кіріс. Мәселен, тек 2024 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 31,2 млрд рубльді (шамамен 162,8 млрд теңге) құраған.

Экономистер АТБ-ны Назарбаевтың ең сенімді әрі кірісі мол активі деп есептейді.



Оның бизнес-моделі Қазақстандағы саяси ахуалдан тәуелсіз. Нұрекеңнің Путинмен жиі жүздесуі банктің Ресейдегі тұрақты жағдайын қамтамасыз етудің стратегиясы деген болжам бар.

АТБ-ның Қазақстан биржасына енуі "ескі Қазақстан ешқайда кеткен жоқ" деген долбарды қайта үдетті.

"Әулеттің Қазақстанның қаржы нарығындағы экономикалық ықпалы күшейе түседі", - дейді көзі қарақты оқырман.