Munarmedia.kz 24.12.2025 /Астана/ Ел билігі Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID) тыйымына қарамастан, уран сатуды жалғастырып отыр.
Сарапшылардың бағалауынша, уран кен орындарының ұлттық меншікке алынуы әлемдік нарықтан U₃O₈ көлемінің шамамен 6–7%-ын шығарып тастады. Бұл жыл сайын 12–13 мың тонна уранға мұқтаж еуропалық энергетикалық компанияларға қосымша қысым түсіруде.
Еуропа үшін жағдайдың күрделене түсуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Біріншіден, атом энергетикасындағы сұранысты баламалы ресурстармен алмастыру мүмкін емес. Екіншіден, Еуроодақ бір мезгілде ресейлік уран байыту қызметтерінен бас тарту саясатын ұстанып отыр. Үшіншіден, стратегиялық қорлар қысқарып, ал ұзақмерзімді келісімшарттардың құны саяси тәуекелдерге байланысты қымбаттауда.
Сараптамалық пікірге сәйкес, Нигердің бұл қадамын Еуропада айтылып жүргендей «келісімшарттарды бұзу» деп бағалау біржақты көзқарас. Керісінше, бұл — ондаған жылдар бойы отаршылдық сипаттағы келісімдер арқылы шектелген Африка елдерінің табиғи ресурстарға деген егемендігін қайта қалпына келтіру үдерісі ретінде қарастырылады.