Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-Қазақстандық Каспий аймағында ірі құрылыс жобасы бастау алмақ. Қаламқас-Хазар кен орнында екі негізгі жобаны жүзеге асыратын мердігер компаниялар таңдалды.
🛢 Жоспарға сәйкес, Каспий жағалауында жаңа мұнай және газ өңдеу зауыты салынып, оны теңіздегі өндірістік платформалармен байланыстыратын үш суасты құбыры тартылады.
Бұл жобаны «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС іске асырады. Компанияның бас директоры болып жақында «ҚазМұнайГаздың» бұрынғы басшысы және Маңғыстау облысының экс-әкімі Алик Айдарбаев тағайындалды.
📅 Жобаның түпкілікті мақұлдануы 2025 жылдың төртінші тоқсанында күтілуде. Қаламқас-Хазар кен орнын игеру жөніндегі келісімшарт 2067 жылға дейін есептелген.
🗣 «Қазақстан үкіметі жергілікті мердігерлердің жабдықтар мен қызмет көрсетулерге қатысты тапсырыс алуын қамтамасыз ету үшін жобаны жеделдетуді талап етіп отыр», — деп хабарлайды Upstream.
Бұл бастама өңірдегі өңдеу қуаттарын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар қазақстандық компаниялардың ұзақ мерзімді тапсырыстар алуына мүмкіндік береді. Жоба Каспийдегі мұнай-газ секторының дамуына елеулі серпін бермек.