Қазақстанда 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар 10 пайызға өседі

13

Munarmedia 25.12.2025 / Астана / –2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 887 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы әлеуметтік шығыстардың жалпы көлемі 6 триллион теңгеден 6,8 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Аталған соманың 636 миллиард теңгесі тікелей зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін көбейтуге бағытталмақ. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 жылы әлеуметтік төлемдердің өсу деңгейі 8,5 пайызды құраған.

Серік Жұманғарин халықтың табысын арттыру тек әлеуметтік төлемдерді ұлғайтумен шектелмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту өзге де экономикалық және әлеуметтік шаралар кешені арқылы қамтамасыз етілетін болады.