Munarmedia.kz 13.12.2025 /Астана/ «ҚазТрансОйл» компаниясы халықаралық серіктестермен және жүк жөнелтушілермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбырлары жүйесі арқылы жүзеге асырылатын халықаралық мұнай ағындарының бір бөлігін өзге бағыттарға қайта бағдарлау мүмкіндіктері келісілгенін хабарлады.
Компания мәліметінше, мұнай тасымалының бір бөлігі Самара бағытына, сондай-ақ Баку – Тбилиси – Джейхан бағытына қайта бағытталып, жеткізілім көлемінің белгілі бір үлесі Қытай нарығына жөнелтілген.
«Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен бастапқы тасымалдау кестесімен салыстырғанда, 2025 жылғы желтоқсан айында экспорттық бағыттар бойынша мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюы мынадай көрсеткіштерді құрады: Атырау – Самара бағыты бойынша 232 мың тоннаға, Қытай бағыты бойынша 72 мың тоннаға, Ақтау порты арқылы (Баку – Тбилиси – Джейхан бағытына) 58 мың тоннаға артты», — делінген «ҚазТрансОйл» компаниясының ресми хабарламасында.