Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қытайдың Коммерция министрі Ван Вэньтао екі ел арасындағы сауда айналымын 2030 жылға қарай екі есеге ұлғайтуды талқылады. 2024 жылы тауар айналымы $43,8 млрд болды (+9,2%), ал 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында $21,8 млрд-қа жетті.
Қазақстан Қытайға өз тауарларына импорттық баж салығын төмендетуді және қытайлық инвестиция арқылы шикізатты терең өңдеу жобаларын іске қосуды ұсынды. Сондай-ақ кедендік рәсімдерді цифрландыру, электронды сауданы дамыту және қазақстандық тауарларды қытайлық онлайн-платформаларда кеңінен ұсыну мәселелері қаралды.
Тараптар аймақтық ынтымақтастықты да назарға алды. 2024 жылдан бері Қытайдың негізгі провинцияларына 6 сауда миссиясы ұйымдастырылды. Қытай бұл қадамды қолдап, өз компанияларының Қазақстандағы сауда және инвестициялық жобаларға қатысуға дайын екенін жеткізді.
Қазақстан Қытайға баж салығын төмендетуді ұсынды
