Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

20



Munarmedia.kz 08.06.2025 /Астана/-Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания Қорғаныс министрліктері арасындағы 2025–2026 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсімі Лондонда өтті. Онда ҚР Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының жетекшілігіндегі қазақстандық делегация ресми сапармен болды, деп хабарлайды Exclusive.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашақтағы бағыттары талқыланды.

Жоспардағы негізгі бағыттар:

  • бітімгерлік дайындық,

  • тілдік оқыту,

  • қазақстандық әскери қызметшілерді Ұлыбританияның әскери жоғары оқу орындарында оқыту.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

📸 Фото: Gov.kz