Munarmedia.kz 09.12.2025 / Астана Қатардың энергетика мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі әрі Qatar Energy компаниясының басшысы Саад бен Шарида әл-Қааби Еуроодақтың ресейлік газдан толықтай бас тарту туралы шешімі “таңданыс тудыратынын” мәлімдеді.
«Сандарға қарасақ... Қатар сұйытылған табиғи газ жеткізілімін азайтса, ал америкалық компаниялар да дәл солай істесе, Еуропа не істемек? Бұл мәселе бойынша өз пікірімді тікелей айтуға бейіл емеспін. Біз кез келген елдің қажеттілігін өтеуге дайынбыз, егер ол екі тарап үшін де коммерциялық тұрғыдан тиімді болса. Еуропалықтардың газды кімнен сатып алатынын өздері шешеді», — деді ол.
Еске сала кетейік, 3 желтоқсанда Еуроодақ Кеңесі мен Еуропарламент 2027 жылға қарай Ресейден газ импортына кезең-кезеңімен тыйым салу жөніндегі регламентке алдын ала келісімге қол қойды.