Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қаржы министрлігі темекі бағасын тағы көтеруді ұсынды

37



Munarmedia.kz | 10.06.2025 / Астана-Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы тағы да өсуі мүмкін. Қаржы министрлігі бұл туралы ұсынысты «Ашық НҚА» порталында жариялап үлгерді.

Министрліктің мәлімдеуінше, бағаны көтерудегі басты мақсат — темекі шегушілердің санын азайту және халық денсаулығын жақсарту. Бұл бастама салық саясатының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Ведомствоның үміті — темекі қымбаттаған сайын, халық зиянды әдеттен бас тартуға ынталанады.

Алайда қоғамда бұл тәсілге қатысты күмән көп. Жыл сайын қайталанатын бір құбылыс бар: темекі бағасы өседі, ал уәж бір — «ұлт денсаулығы үшін». Бірақ шын мәнінде не болып жатыр? Темекі тартушылар саны азаймай тұр, керісінше, сату көлемі де, сұраныс та сол күйі сақталғандай.

Кей сарапшылар бұл жағдайды ирониямен қабылдайды: бағаның кезекті көтерілуін қоғамдық игілікке бағытталған шара етіп көрсету – кәсіпкерлердің шебер тактикасына айналғандай. Мұндайда не істеріңді білмейсің — күлесің бе, әлде қол соғасың ба?