Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Өзбекстан халқы 37,8 миллионға жетті: 10 жылда – 30% өсім

35



Munarmedia.kz | 10.06.2025 / Астана-Өзбекстан Республикасының ресми деректеріне сәйкес, ел халқы 2025 жылы 37,8 миллион адамға жетті. Салыстыра қарасақ, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 29,5 миллион болған. Демек, халық саны шамамен 30%-ға артқан.

Ал осы уақыт аралығында Қазақстандағы өсім шамамен 17%-ды құрады. Бұл көрсеткіш те жаман емес, дегенмен Өзбекстанмен салыстырғанда едәуір төмен.

Мамандардың пікірінше, Өзбекстандағы демографиялық өсімнің негізгі себептері — урбанизация деңгейінің салыстырмалы түрде төмендігі, ауылдық елдімекендердің көптігі, отбасылық құндылықтардың мықты сақталуы және, ең бастысы, жастар санының көптігі. Жас ұрпақ белсенді түрде отбасын құрып, балалы болуға ұмтылуда.

Қазақстанда соңғы жылдары отбасы моделіне, бала тәрбиесіне және ата-ана болудың жайлылығына қатысты пікірталастар жиілеген. Ал көрші елде бұл тақырыптардан бұрын, нақты іс-әрекет басым сияқты: жастар – отбасын құрып, ұрпақ өсіруде.

Демографиялық көрсеткіштер – ел болашағының айнасы. Бұл тұрғыда Өзбекстанның қарқыны ойлануға негіз береді.