Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
– Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін, – деді Президент.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда қазақ тіліндегі әдеби және цифрлық жобаларға 50 млн теңгеге жуық грант бөлінеді
🕒 24.11.2026 10:33 · 👁 9
Ақмолалық ұстаз самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
🕒 24.11.2026 10:26 · 👁 103
Моңғолия қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері жинағы қайта жарық көрді
🕒 24.11.2026 10:22 · 👁 73
