Пентагон Украинаға ATACMS зымырандарын Ресей аумағына қолдануға рұқсат бермей отыр

70

Munarmedia.kz 24.08.2025 /Астана/ Пентагон бірнеше айдан бері Украинаға алысқа ұшатын зымырандарды Ресей аумағындағы нысандарға қарсы қолдануға тыйым салып отыр. Бұл туралы Exclusive.kz WSJ басылымындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тағы Дональд Трамп әкімшілігі тұсында Қорғаныс министрлігі алысқа ұшатын қару түрлерін қолдануға қатысты бейресми келісу тәртібін енгізген. Бұл тәртіпке сәйкес, мұндай шабуылдарға рұқсатты тек Пентагон басшысы Пит Хегсет жеке өзі бере алады.
Көктемнің соңынан бері осы рәсім Киевтің ATACMS зымырандарын Ресей нысандарына қолдануына іс жүзінде кедергі келтіріп отыр. WSJ-дың мәліметінше, Украина кемінде бір рет Ресейдегі нысанаға соққы жасау үшін осы зымырандарды қолдануға рұқсат сұраған, бірақ жауап — теріс болған.

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский The Washington Post басылымына берген сұхбатында АҚШ-ты зымыран жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастауға шақырған болатын. Оның айтуынша, Ресейдің әскери инфрақұрылымына соққы жасау мүмкіндігі қару-жарақ пен дрондардың өндірісін баяулатуға көмектесер еді.

21 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байденді сынға алып, оны «Украинаны жеңіске жету мүмкіндігінен айырды» деп айыптады. Оның сөзінше, Байден Киевке тек қорғаныспен шектеліп, Ресейге шабуыл жасауға тыйым салу арқылы Украина тактикалық артықшылықтан айырылған.

Фото: picture alliance / dpa / yonhap