Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Пасха мерекесі қарсаңында елордадағы Достық үйінде ерекше шеберлік сабағы өтті

93


Пасха мерекесі қарсаңында елордалық Достық үйінде пасха жұмыртқаларын әрлеу және куличке қамыр дайындау бойынша ерекше шеберлік сабағы өтті. Оған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен түрлі этнос өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны ұйымдастырған – Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі.

Жас қатысушылар жұмыртқаларды қылқалам, қарындаш, жабыстырмалы аппликациялар және басқа да сәндік материалдар арқылы әрлеуді үйренді. Сондай-ақ олар куличке қамыр дайындауға қатысып, мерекелік тәтті тағамдардың рецепттерімен танысты. Шеберлік сабағына ерекше атмосфера сыйлаған – мейрамға арналған тағамдар: мейіз қосылған куличтер, сүзбеден жасалған пасха және түрлі-түске боялған жұмыртқалар болды.

«Бұл өте керемет! Мен барлық қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтаймын, баршаңызға бақыт, жақсылық және амандық тілеймін», – деп әсерімен бөлісті шеберлік сабағына қатысқан Кирилл Чернов есімді бала.

Іс-шара – Достық үйінде өткізілетін мерекелік кездесулердің жалғасы болды. Жақында мұнда Наурыз тойланды, ал енді түрлі мәдениет өкілдері тағы бір дастархан басына Пасха мерекесіне орай жиналды.


«Біз Қазақстанда бар барлық мерекені атап өтеміз. Мақсатымыз – барлық этносты бір шаңырақ астына біріктіру. Бүгін бізде ерекше балалар қонақта, олардың жүзіндегі эмоцияға қарасақ, оларға бұл шара қатты ұнады», – деді Достық үйі басшысының орынбасары Камета Ибраева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, пасхаға арналған мұндай форматтағы шеберлік сабағы алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар қатарындағы маңызды бөлігі болды. Болашақта этносаралық бірлікті нығайту мен төзімділік мәдениетін дамыту мақсатында жаңа кездесулер мен шығармашылық сабақтар өткізу жоспарлануда.




В преддверии праздника Пасхи в столичном Доме дружбы прошёл необычный мастер-класс по росписи пасхальных яиц и приготовлению теста для куличей. Участие в нём приняли дети с особыми потребностями, и представители различных этносов, сообщает официальный сайт столичного акимата.

Организатором выступил Совет матерей при АНК Астаны.

Юные участники учились расписывать пасхальные яйца — при помощи кисточек, карандашей, переводных аппликаций и других декоративных материалов. Также они приняли участие в приготовлении теста для куличей и узнали рецепты праздничной выпечки. Особую атмосферу мастер-классу придали угощения — куличи с изюмом, творожная пасха и крашеные яйца.

«Это прикольно! Я поздравляю всех казахстанцев с Пасхой и желаю счастья, добра и благополучия», — поделился впечатлениями один из участников мастер-класса, Кирилл Чернов.

Мероприятие стало продолжением череды праздничных встреч, проводимых в Доме дружбы. Недавно здесь отметили Наурыз, а теперь представители разных культур вновь собрались за одним дастарханом — уже по случаю Пасхи.

«Мы празднуем все праздники, которые существуют в нашем Казахстане. Цель — объединить под одним шаныраком все этносы. Сегодня у нас в гостях особенные дети, и, судя по их эмоциям, мероприятие им очень понравилось», — рассказала заместитель руководителя Дома дружбы Камета Ибраева.

По словам организаторов, пасхальный мастер-класс в таком формате был проведён впервые. Он стал частью мероприятий, приуроченных к 30-летию Ассамблеи народа Казахстана. В планах — проведение новых встреч и творческих занятий, направленных на укрепление межэтнического единства и развитие культуры толерантности.