ВАТИКАН, 2025 жылғы 21 сәуір /Reuters/ – Рим-католик шіркеуінің Латын Америкасынан шыққан алғашқы басшысы, Папа Франциск қайтыс болғаны туралы Ватиканның баспасөз қызметі дүйсенбі күні бейнежазба арқылы хабарлады.
88 жасқа толған Папа жуырда екі өкпесіне пневмония (өкпе қабынуы) диагнозымен ауруханаға жатқызылып, ем қабылдаған болатын.
«Құрметті бауырлар мен әпкелер,
Папа Франциск әкеміздің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабарды аса ауыр қайғымен жеткізгім келеді. Бүгін таңғы сағат 7:35-те Рим Папасы Франциск өз Жаратушысының құзырына қайта оралды», – деп хабарлады кардинал Кевин Фаррелл Ватикан теледидар арнасы арқылы.
Оның шын есімі — Хорхе Марио Бергольо. Ол 2013 жылғы наурызда Папа Бенедикт XVI лауазымынан өз еркімен кеткеннен кейін Католик шіркеуін басқаруға сайланған болатын.