Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

ERG компаниясын америкалық инвестор 5 миллиард долларға сатып алғысы келеді

32




Александр Машкевичке тиесілі болған ERG компаниясын америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмерон сатып алуды көздеп отыр, ал мәмілені Goldman Sachs компаниясы кеңесші ретінде сүйемелдеуі мүмкін, деп жазады Reuters.

ERG мен Кэмерон арасындағы келіссөздер былтырғы жылдың соңынан бері жүргізіліп келеді. Кәсіпкердің өзі бұрын Лондонда тіркелген, бірақ Ресейде пайдалы қазбалар өндірумен айналысқан Petropavlovsk Plc тау-кен компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Курсив басылымының жазуынша, инвестордың ERG-ге деген қызығушылығы Қазақстанның алдағы үш жыл ішінде сирек жер элементтерін өндіру көлемін 40%-ға арттыру жоспары аясында туындаған. Бұл тұрғыда ERG маңызды рөл атқаруы мүмкін.

▪️Өз кезегінде, бірқатар мәліметі бар телеграм-арналар бұл стратегиялық маңызды активтің, яғни мемлекет айтарлықтай үлеске ие компанияның, сатуға жатпайтынын бірден хабарлады.