ОПЕК+ 2026 жылдың басында мұнай өндіру көлемін арттыруды тоқтатады, Қазақстан шешімді қолдады

16

Munarmedia.kz 09.12.2025 / Астана ОПЕК+ альянсына мүше елдер, оның ішінде Қазақстан да бар, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында мұнай өндірудің ерікті түрде шектелуі туралы қолданыстағы келісімді сақтауға уағдаласты. Бұл шешім альянстың сегіз қатысушысы қатысқан виртуалды жиын қорытындысы бойынша қабылданды.

Мемлекеттер қаңтар–наурыз айларында өндіруді ұлғайтуды тоқтату жөніндегі бұрын жарияланған шешімді растады. Мұндай қадам маусымдық ерекшеліктерге, әлемдік нарықтағы тұрақтылықты сақтау қажеттілігіне және коммерциялық қорлардың төмен деңгейіне байланысты қабылданғаны атап өтілді. Сондай-ақ экономикалық болжамдардың тұрақты болуы бұл ұстанымды бекемдей түскені айтылды.

ОПЕК+ елдері тәулігіне 1,65 млн баррельге дейінгі қосымша қысқартуды нарық жағдайына қарай біртіндеп толық немесе ішінара қайта қалпына келтіру мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар олар өндіруді арттыруға жарияланған үзілісті ұзарту немесе керісінше, 2,2 млн баррельге дейінгі бұрынғы ерікті шектеулерді алып тастау құқығын өздерінде қалдырды.

Альянс енді ай сайын отырыс өткізіп отырмақ. Келесі кездесу 2026 жылғы 4 қаңтарға белгіленді.