Munarmedia.kz 09.12.2025 / Астана Tech-магнат Илон Маск әлеуметтік желі X парақшасында Еуроодақты таратуды және билікті мүше мемлекеттердің өздеріне толық қайтаруды қолдайтынын мәлімдеді. Кәсіпкердің пікірінше, осылай болған жағдайда ұлттық үкіметтер өз азаматтарының мүддесін тиімдірек қорғай алады.
Масктың бұл мәлімдемесі Еурокомиссияның X платформасына Цифрлық қызметтер туралы заң аясында 120 млн еуро айыппұл салғанынан кейін жарияланды.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те Брюссельдің шешімін сынға алып, X «цензурамен айналысудан бас тартқаны үшін жазаланып отыр» деді. Оның айтуынша, Еуроодақ американдық компанияларға қысым көрсетпей, керісінше сөз бостандығын қолдауы тиіс.