Munarmedia.kz.15.09.2025 ж. /Астана/ Өзбекстанның Нүкіс қаласындағы далалық оқу полигонында 10 қыркүйек күні оқу-жаттығу барысында жарылыс орын алды. Бұл туралы жергілікті БАҚ Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ресми деректерге сәйкес, жарылыстан оқу-жаттығуға қатысқан 10 әскери қызметкер әртүрлі деңгейде жарақат алған. Олардың сегізі ауруханаға жеткізілген.
Ұлттық гвардияның мәлімдеуінше, төтенше жағдай арнайы оқу-жаттығуларға арналған жарылғыш құрылғыдағы детонациялық шнурдың іске қосылуы салдарынан болған.
«Барлық зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған шаралардың арқасында олардың жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, жауапты басшылық тарапынан тексеру жүргізілуде.