Назарбаев әлемдегі ең бай пенсионер атанды...

45



Экс-президент Назарбаев әлемдегі ең дәулетті саяси тұлғалардың арасында 8-ші орынды иеленді. Brand Vision дейтін агенттік Әбішұлының байлығын 1-2 млрд доллардың төңірегінде бағалап отыр деп жазады Ertenmedia.

"Назарбаевтың дәулеті биліктегі 30 жылға жуық қызметімен тығыз байланысты", - деген екен Brand Vision.



Агенттіктің айтуынша әулет өкілдері энергетика, банк секторы мен жылжымайтын мүлік нарығында ірі-ірі активтерге иелік етеді.

"Назарбаевтың отбасылық империясы мемлекеттің стратегиялық ресурстарын сарқа пайдаланудың арқасында құрылды", - делінген зерттеуде.

Астрономиялық деңгейдегі капитал жинаған әулет өкілдерінің байлығына қатысты Ertenmedia-ның күмәні бар.

Біздегі дерек бойынша семьяның шартарапта шашырап жатқан капиталы 50 млрд доллардан асып жығылады. Мұның сүбелі бөлігі Швейцарияның ең ірі деген қаржы конгломераты Credit Suisse-тің есеп-шотында сүрленіп жатыр.

Жемқорлардың жеп-ішкенін тінтумен айналысатын халықаралық орталықтың мәліметінше (OCCRP) Назарбаев кланы осы Credit Suisse-тің кеңсесінен шықпайды.

OCCRP Нұрекеңмен байланысты қорлардың иелігінде St. Regis Astana, Түркиядағы Rixos Beldibi сияқты люкс қонақүйлер, гольф алаңы, балет театры, бірнеше медиа‑активтер және қойма‑зауыттар бар екенін анықтаған.

Бірақ бұл да шынайы ақпарат болмауы мүмкін. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшорға шығарған.



Назарбаев отбасы сары майдай сақтап отырған активке ауыз салу үшін лайықты аргумент қажет. Ол бізде бар.