Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Мұндай болмайды!» — Сатыбалды Алматыдағы құрылыс жұмыстарының баяулығына ашуланды

69



Munarmedia.kz 08.06.2025 /Астана/ -Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мектептер, балабақшалар мен жолдардың құрылысын кешеуілдетіп жатқан жауапты тұлғаларды қатаң сынға алды. Ол құрылыс жұмыстарын шұғыл түрде аяқтауды талап етіп, мердігерлерді тазартуға уәде берді.

«Мұндай болмайды! Егер мерзім бұзылып жатса, шешімді өздеріңіз қабылдаңыздар — келісімді бұзып, мердігер ұйымды адал емес компаниялар тізіміне енгізіңіздер. Ал сіздер мені ертіп келіп, шешілмейтін мәселе деп көрсетесіздер. Сіздерге ешкім жұмыс істеуге кедергі келтіріп жатқан жоқ. Әр нысанға нақты бақылау керек», – деді әкім.

📍 Нақты жағдайлар:

▪️ Наурызбай ауданында – 1500 орындық мектеп пен 320 орындық балабақшаның құрылысы жылжымай тұр. Оқушы орындарының тапшылығы – 5000.

▪️ 500 келушіге арналған емхана мен оның айналасындағы жолдар да бітпей жатыр.

▪️ Ақжар ауылында су және кәріз желілері тартылып жатыр. Жұмысты тек 2025 жылдың соңында аяқтауға уәде берілген.

▪️ Абай даңғылының кеңейтілуі – қайта қазылған шұңқырлар мен жалғасып жатқан уәделер.

▪️ №7 қалалық аурухана – соңғы 15 жылда жөндеу көрмеген. Енді күрделі жөндеу басталған.

Сатыбалдының талабын мердігерлер қаншалықты орындайтыны тек күзде белгілі болмақ. Ал әзірге қала тұрғындары баяу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына куә болып отыр.