Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Зеленский: «Путин бүкіл әлемге ортаңғы саусағын көрсетіп отыр» деді

14



Munarmedia.kz 08.06.2025 /Астана/-Украина Президенті Владимир Зеленский кеше АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы телефон арқылы сөйлесуге қатысты пікір білдірді.

Зеленскийдің айтуынша, Украина бұған дейін Ресеймен әртүрлі деңгейде байланыс орнатқанымен, бұл әрекеттер соғысты тоқтатуға немесе бейбітшілік орнатуға еш әкелмеген.

Мемлекет басшысы бұл жөнінде кеше өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Ол мәлімдемесінде:
«Путин Украинаны үнемі зымыранмен атқылап отырса да, ешқандай жазаға тартылмайтынын жақсы сезініп отыр. Енді ол “жауап беруге” дайындалуда», – деді.

Зеленскийдің айтуынша,
«Украинаға қарсы әрбір жаңа шабуыл, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді кейінге қалдыру – бұл Путиннің әлемге көрсетіп отырған ортаңғы саусағы. Алайда шын мәнінде бейбітшілікті іздеуі тиіс ел — Украина емес, Ресей. Соғыс өте қымбатқа түсіп жатыр. Мәскеу агрессор ретінде бұл бағаны өзі де төлеп жатқанын түсінуі керек», – деді.

Бұдан кейін Зеленский 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Украинаның аумағында жасалған зымыран шабуылдары мен «камикадзе» дрондармен жасалған шабуылдарға қатысты ресми статистиканы келтірді.

«Путин жаза көрмейтінін түсінген сайын, жаңа қылмыстарға барады. Ресей президенті үнсіздікті – жаңа қатыгездікке, кісі өлтіруге, шабуыл жасауға берілген рұқсат деп қабылдайды. Егер әлемдік державалар Путинді тоқтата алмаса, онда олар да бұл қылмыстың жауапкершілігін бөлісуі тиіс. Егер олар қаласа да тоқтата алмаса, Путин оларды ешқашан күшті елдер деп есептемейді», – деді Зеленский.