Munarmedia.kz 24.12.2025 /Астана/ Қазақстан Президенті Орталық Азияда су тапшылығының жылдан-жылға күшейіп келе жатқанын атап өтіп, Жапония тарапына су саласын дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаны іске қосуды ұсынды. Аталған бастама су ресурстарын цифрландыруға, су үнемдеу технологияларын енгізуге және ғылыми зерттеулерді кеңейтуге басымдық беруді көздейді.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы 20 жылда аймақтағы су ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейі шамамен 30 пайызға төмендеген, ал қолда бар су қорының 70 пайызы трансшекаралық сипатқа ие. Бұл фактор өңір елдері үшін суды тиімді әрі үйлесімді басқару мәселесін өзекті етіп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру жөніндегі ұсынысын білдіріп, Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Орталық Азиядағы су мәселелерін шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Сонымен қатар «Орталық Азия – Жапония» форматындағы келесі саммиттің Қазақстанда өтетіні белгілі болды.