Munarmedia.kz 24.12.2025 /Астана/ Агенттіктің бас директоры Әсет Матаевтың мәліметінше, Әмір Қасенов сағат 19:00-ге тергеу органдарына шақырылып, сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аталған дерекке сәйкес, KazTAG басшылығы «Фридом Финанс» холдингінің арызы негізінде қозғалған, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылған.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктемелер әзірге берілген жоқ.