Астанадағы теміржол вокзалында шетелдік азамат пышақ жарақатын алды

14

Munarmedia 25.12.2025 / Астана / –Оқиға «Нұрлы жол» вокзалындағы Kazakh Food кафесінде болған. Мәліметтерге сәйкес, Моңғолия Республикасының азаматы аталған қоғамдық тамақтану орнында отырған сәтінде кафе иесінің шабуылына ұшыраған. Күдікті келушіге пышақпен соққы жасаған, салдарынан жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Күдікті оқиға орнынан көп ұзамай «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.