Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

79


❗️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.

➤ Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді.

 Ауыл шаруашылығы:

🟦
Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр;

🟦
Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды.

Инвестициялық жобалар:

🟦
Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды;
 
🟦
Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымдар:

🟦
Соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең;

🟦
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды;

🟦
Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.

➤ Білім:

🟦
Екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді.

🟦
Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.

➤ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

🟦
Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр;

🟦
Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады;

🟦
Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын;

🟦
Облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады;

🟦
Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.

Президент:
 
❗️Реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті.

📌Егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді.