Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

McDonald's Ресейге қайта оралмайтынын мәлімдеді

21



Munarmedia.kz, 30.04.2025 ж. – АСТАНА-McDonald's компаниясы Ресей нарығына қайта оралады деген ақпаратты жоққа шығарды. Компания өз брендін басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардың пайдалануынан қорғау үшін Ресейде тауар белгісін тіркеуге өтініш бергенін хабарлады.

"McDonald’s компаниясы әлем бойынша, тіпті жұмыс істемейтін елдерде де тауар белгілеріне иелік ету құқығын үнемі жаңартып отырады," – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

McDonald’s – Ресейдің Украинаға жасаған әскери басқыншылығын айыптап, ел нарығынан кеткен алғашқы халықаралық компаниялардың бірі болған.

"Бұл шешім – біздің корпоративтік құндылықтарымыздың айқын дәлелі, әрі біз сол құндылықтарға адал болып қала береміз," – деп атап өтті компания өкілдері.

2024 жылдың желтоқсанында McDonald’s Ресейдің патент ведомствосына өз тауар белгісін тіркеуге өтініш берген болатын. Алайда РИА Новости агенттігі бұл өтінішке сүйене отырып, америкалық компания Ресейде сусындар мен тағамдар өндіріп, сату, жеткізу және мейрамхана қызметін қайта іске қосқысы келеді деп хабар таратқан еді.