Мәжліс медицина қызметкерлерін қорғайтын заң қабылдады

37

Munarmedia.kz 21.12.2025 /Астана/ Қазақстан Мәжілісі медицина қызметкерлеріне, оның ішінде жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес жазалау шаралары төмендегідей белгіленеді:
– өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
– өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін;
– ауырлататын мән-жайлар болған кезде 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ күш қолдану қаупін төндіргені үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 1500–3700 АҚШ доллары) айыппұл салу, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.