АҚШ Тайваньға қару сатуда

31

Munarmedia.kz 21.12.2025 /Астана/ АҚШ билігі Тайваньға рекордтық көлемде — 11,1 млрд доллар сомасына қару-жарақ сату туралы шешімді мақұлдады. Бұл – аралға көрсетілген әскери көмектің тарихындағы ең ірі пакет.

Аталған келісім АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп әкімшілігі тұсында Тайваньға қару жеткізуге қатысты жасалған екінші мәміле болып отыр. Шешім Қытай тарапынан әскери және дипломатиялық қысымның күшеюі аясында қабылданды. Бейжің Тайваньды өз аумағы деп санайды.

Қару-жарақ пакетіне сегіз түрлі әскери өнім енген. Олардың қатарында HIMARS зымыран жүйелері, гаубицалар, Javelin танкіге қарсы кешендері, Altius камикадзе-дрондары, сондай-ақ өзге әскери техникаларға арналған қосалқы бөлшектер бар. Тайвань Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жеткізілімдер елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және өңірдегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.