Ақмола облысының емханаларында жасанды интеллект диагноз қоя бастайды

31

Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-Ақмола облысының бірнеше емханасында «ИИ-терапевт» атты жаңа цифрлық жүйе жұмыс істей бастады. Бұл технология дәрігер мен пациент арасындағы диалогты талдап, алынған ақпарат негізінде алдын ала диагноз жасайды. Жүйе әзірлеушілерінің айтуынша, диагноз қоюдағы дәлдік деңгейі 80%-ға дейін жетеді.

Сонымен қатар жасанды интеллект дәрігерлердің құжат рәсімдеуге кететін уақытын қысқартып, олардың жұмыс уақытын шамамен 40%-ға дейін үнемдейді.

Қазіргі таңда жоба сынақ кезеңінен өтіп жатыр. Егер жүйе тиімділігін дәлелдесе, болашақта оны республика көлемінде кеңінен енгізу жоспарланып отыр.