ЛГБТ қазақ қоғамы үшін неге қауіпті?

34

Munarmedia.kz 13.11.2025 /Астана/- Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттың рухани, мәдени және отбасылық құндылықтарына бұрын-соңды болмаған идеологиялық қысым жасалуда. Соның бірі — ЛГБТ қозғалысының ашық насихатталуы. Әлемнің кейбір елдерінде бұл құбылыс «адам құқығының көрінісі» деп қабылданса, дәстүр мен дінді ұстанған Орта Азия елдері үшін ол қоғамның іргетасын шайқалтатын қауіпке айналып отыр.
Дәстүрлі қоғам мен рухани іргетас
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтының өзегі — отбасы, ұрпақ жалғастығы және ер мен әйелдің тең әрі табиғи қарым-қатынасы.
«Отбасы — шағын мемлекет» деген ұғымның мәні осында.
Себебі отбасы – тәрбие мен руханияттың бастауы, ұлттың өміршеңдігін сақтайтын институт.
Ал ЛГБТ идеологиясы осы табиғи құрылымға қарсы бағытталған.
Ол «жыныстық еркіндік» пен «таңдау құқығы» ұранымен жастардың санасын өзгертуді көздейді.
Бұл ұрандар сырт көзге демократиялық сипатта көрінгенімен, түбінде ұлттың рухани иммунитетін жоятын жойқын құрал.
Идеологиялық ықпал және мәдени шабуыл
Қазіргі таңда әлемдік медиа кеңістікте ЛГБТ бейнесі әдейі қалыптастырылып отыр. Голливуд фильмдерінен бастап әлеуметтік желілерге дейін бұл тақырып «норма» ретінде көрсетілуде.
Мұндай ақпараттық ықпал әсіресе жастарға қауіпті. Олар үшін дәстүрлі мораль ескіргендей, ал «еркіндік» пен «өзіндік таңдау» басты құндылық секілді көрінеді.
Бірақ бұл — рухани тәуелсіздікті жоюдың жаңа формасы.
Ұлттық сана мен мәдени тамырынан ажыраған ұлтты басқару оңай.
Демек, ЛГБТ идеологиясы тек жыныстық бағдар мәселесі емес, идеологиялық және геомәдени саясаттың құралына айналып отыр.
Батыс Еуропа елдері және Канада ЛГБТ қозғалысын мемлекеттік деңгейде қолдайды.
Бұл елдерде біржынысты некелер заңдастырылған, мектеп бағдарламаларында гендерлік бейтараптық ұғымы енгізілген.
Керісінше, Азия мен мұсылман әлемінің басым бөлігі — Түркия, Сауд Арабиясы, Иран, Өзбекстан және Қазақстан — мұндай идеологияға жол бермейді. Өйткені бұл елдер үшін отбасы мен діннің орны ерекше, ал дәстүрлі мораль – ұлттық болмыстың тірегі.
Біздің ел тәуелсіздігін сақтағысы келсе, ең алдымен рухани тәуелсіздігін қорғауы тиіс.
Біріншіден, білім беру мен мәдени саясатта ұлттық және діни құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін күшейту қажет.
Екіншіден, ЛГБТ насихатына заңды шектеу қою керек.
Бұл – адамды жазалау емес, ұлтты қорғау.
Үшіншіден, ақпараттық қауіпсіздік саясатын күшейтіп, бұқаралық медиа мен әлеуметтік желілерде ұлттық моральға қайшы келетін кез-келген контенттің таралуына тосқауыл қойылуы қажет.
ЛГБТ идеологиясы — демократиялық бастама болып көрінгісі келгенмен, шын мәнінде ұлттың рухани және мәдени тұтастығына, демографиялық өсіміне төнген қауіп.
Қазақ қоғамы өскелең ұрпақтың моральдық бағыт пен болашақ ұрпақтың тәрбиесінен асқан құндылық жоқ.
Ана тілі, ата-салтынан, руханиятынан айырылған ұрпақ адасқан нағыз мәңгүрт ұрпақ болмақ.
Бұндайлармен қазақтың болашағы бұлыңғыр.
Ендеше, дәстүрлі отбасын сақтау – тек моральдық міндет емес, ұлттық қауіпсіздіктің басты шарты.
Сондықтан да Парламент Мәжілісі қабылдаған заң жобасын ҚР азаматы, төрт баланың әкесі ретінде толық қолдаймын.
Заң жобасын қарастыратын Сенат пен Президентте еш сұрақсыз қабылдайтынына кәміл сенемін.
Ұрпақпен ұлтты аздыратын адасқандарға тиым салып ғана қоймай, елден аластату керек.

Баяжума Асылбек