Еуропалық одақ 2026 жылдың соңына дейін ресейлік газдан толық бас тартуға уәде берді

30

MUNARMEDIA.KZ 11.09.2025 /АСТАНА/-АҚШ-тың энергетика министрі Кристофер Райт CNBC арнасына берген сұхбатында Еуропалық одақтың Ресейден табиғи газ сатып алуды толық тоқтататынын мәлімдеді. Оның айтуынша, еуропалық саясаткерлер 2026 жылдың соңына дейін ресейлік газдың кез келген түрінен бас тартуға келісім берген.

«Биылғы жылдың соңына дейін Ресейден газды споттық келісімшарттар бойынша сатып алуға мүмкіндік бар. 2026 жылы да келісімшарт негізінде жеткізілімдер жалғасуы ықтимал. Бірақ 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ресейлік газ мүлде кірмейді», – деді Райт.

Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда Еуроодақ тұтынатын газдың шамамен 15 пайызы Ресейден импортталады. Алайда алдағы бір жарым жыл ішінде ЕО өзге жеткізушілерді табуға және энергетикалық баламаларды кеңейтуге уақыт алады.