Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Бүгін елордадағы филармонияда "Қандаспен келген қазына" атты өнер кеші өтті.

150


Сонау 90 жылдары басталған көшпен ілесе келген ұрпақ өсіп, өнер, білім, ғылым, ақпарат,  бизнес, спорт, мемқызмет т.б барлық салада еңбек етіп, еліміздің нығаюына, өсіп, өркендеуіне үлестерін қосып келеді.


Бүгіңгі кешті Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Е.Рахмадиев атындағы филармония мен "Бота қолғанат" орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Концерт алдында филармонияның холлында қол өнер шеберлерінің көрмесі өтті.


Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аллажар Қайбарұлы, Өзгеріс Шерікбай, Мұратбек Хайрулла, Зәуреш Шаяхметқызы, Ықылас Ожайұлы, Бақытжан Қуатай, Төлеубек Көнбай, Алтынгүл Бапарқызы, Меруеш Башай, Райхан Амангелді, Мұрат Алтынгүл,  Аманжол Нығмет, Гүлзира Бөкейханқызы, Бауыржан Мұхамбетбайұлы, Дәулет Мұхтархан т.б қатысып, "Қорқыт" фольклорлық этноансамблінің сүйемелдеуімен (жетекшісі Шолпан Қорғанбек)  жиылған қауымға Алтайдың ар жағында өмірге келген сағынышты сазға толы әндерінен шашу шашты.


Іс шараны ұйымдастырған Бота Баманқызына мың алғыс!

Ұлттық салт-дәстүрмен, өнерге бай қандастардың әкелген қазынасы әлі жетеді.

Тек бағалай білейік!