Ақмола облысының Аршалы ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневке арналған "Ұлтына қорған болған ұлы тұлға-Жұмабек Тәшенев" атты ғылыми практикалық конференция өтті.
Конференция қонақтары Аршалы ауданының белсенді азаматтары Ж.Тәшеневтің туған жері ( Тентек) Елтоқ ауылдық округіне қарасты жерге орнатқан мемориалдық белгітасқа гүл шоқтарын қойып, марқүмның рухына құран оқыды.
Аршалы кентіндегі "Жұмабек Тәшенев атындағы қазақ орта мектебінде" Ж.Тәшеневке арналған мұражайды ашты.
Одан соң аудандық Мәдениет үйінде Саян Тәшенев, қоғам қайраткерлері, қайраткердің ұл, қыздары, келіні Фатима , Астанадан келген қонақтар мен Ж.Тәшенев есімі берілген Астана, Павлодар, Қарағанды облысындағы мектеп басшылары, Аршалы ауданының әкімі Д.Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы А.Балташева, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры С.Негимов, Ж.Қалиев, Н.Қуантайұлы, С.Дүйсен және ташеневтанушы Е.Қабылда сынды ғалымдармен қоғам қайраткерлері қатысты.
Соңынан Ж.Тәшеневтың ұлы Саян ағамыз туыстарымен бірігіп, Аршалы да әке рухына ас беріп, құран оқытты.
Конференция хаттамасы бойынша: Жұмабек Ахметұлы Тәшеневке
-"Қазақстаның халық қаһарманы" атағын беру;
Аршалы ауданына Ж.Тәшеневтің есімін беру;
-Аршалы ауданының орталығында Ж.Тәшеневке ескерткіш орнату;
-жалпы білім беру мектептерінде Тәшеневтану патриоттық пәнін өткізу туралы ұсыныстарды ҚР Президентіне жолдау туралы ұсыныс қабылданып, бірауыздан бекітілді.Бұл батыр Жұмабек Ахметұлының туған елінде өтіп жатқан екінші ірі іс шара.
Сонымен бүгіңгі іс шараны абыроймен өткізген Ж.Тәшенев атындағы мектеп директоры Г.Байдильдина мен мектеп ұжымына, аудан әкімі Дастанбек Есжановқа алғысымыз шексіз.
Ұлыларын ұлықтай білген елдің болашағы зор болмақ!