Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Нұрбек Бекбау.Германияға қарсы соғысқа, Қазақстан 1 миллион 400 мың солдат шығарыпты.

23


Қызығы, ІІ Дүние Соғысында, АҚШтың (136 млн халқы бар еді) шығарған солдатының саны 1 миллион 400 мың шамасы. Демографиялық ахуалы екі түрлі, бірақ шығарған әскер саны бірдей...

ІІ Дүние соғысына, қазақ өзінің 70 пайыз еркек кіндіктісін майданға аттандырды! Мұндай мобилизация мөлшері - соғыс жүріп жатқан Ресей, Украина, Белоруссияда да болған емес. Ол елдерде 40 пайыздан аспаған.

Ал елде шал-кемпір, қатын-бала қалды. Колхоздардың иелігіндегі мәшиненің 14 мыңын майданға керек,-деп алып қойды. 150 мың жылқы, 16 мың арбаны да соғыс қажеттілігі үшін деп, жинап алды. 

Колхоздарда техника қалмады,-десе болғандай. Бірақ, Үкімет: Егістіктерің көлемі соғысқа дейінгі кезеңнен кем болмауы керек,-деді. Рекорд талап етумен болды! Жұмыста зорығып өлгендер туралы айтылмайды. Ал соғыс кезінде, қазақ ауылдарында аштық болып, 70 мыңға жуық, шиттей бала-шаға қырылғанын білесіз бе? Тарихшылар бұл жылдарды "детский голодомор" дейді. 

Ал мемлекет қорында, 4 миллион тонна нан қоры болған. Күллі соғыс уағында осындай мөлшерде тұрған. Бұл армияны да, халықты да асырауға жетіп артылатын мөлшер. Олай болса, Үкіметке тылдағы халықты аштықпен қаталаудың не қажеті болды екен? 

Совет армиясы 1943-тен бастап шабуылға шығып, қалаларды кері қайтарып ала бастады. Қираған шаһарларды қалпына келтіру жұмыстары тағы да Тылдағы халыққа жүктелді. Сталинград, Смоленск, Киев секілді қалаларды қалпына келтіру үшін, 13 мыңға жуық қазақтың қыз-келіншегі жіберілген. Оның қаншауы елге оралды? Қаншауы опат болды, нешеуі аурудан көз жұмды? Дерек бар. Тек 2045- жылға дейін ашуға болмайды, құпия! Аштырмайды. 

Айтқым келгені: Соғыс қана емес, тылдағы ахуалды да зерттеуіміз керек.