Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Бозжырадан аулақ жүр! Маңғыстау халқы Мәскеумен байланысы бар кәсіпкерге қарсы шықты...

52



Ресейлік-әзербайжандық кәсіпкер Эмин Ағаларовтың Маңғыстаудағы жаңа жобасы халықтың қарсылығына тап болды деп жазады Ertenmedia.

Кәсіпкер Каспийдің жағалауында үлкен туристік кешен салмақ ойы бар. Бірақ, мұнымен шектелгісі жоқ. Күні кеше әйгілі Бозжыра шатқалына барып, әлгі жердің ерекше табиғатына тамсанып қайтыпты...



Аймақты жіті зерттеп жатқан Ағаларовтар қасиетті мекенге көзі түскенін жасырмайды.

"Бұл өлкені 362 әулиенің рухы қорғап тұр дейді. Бозжыраны жаңа жоба үшін зерттеп жатырмыз", - депті ресейлік кәсіпкер.

Алайда халық бұл идеяға үзілді-кесілді қарсы.

Әлемжелідегі қауым Маңғыстау туризмі Кремльге жақын әулеттің қолына өтіп кете ме деп алаңдайды. Жергілікті жұртшылық Бозжырада ірі курорт салынса, қасиетті мекеннің тоз-тозы шығып, табиғаты мен мәдени құндылығы талқандалады деп есептейді. Тіпті петиция жариялауға шақырып жатқанда бар (Ағаларовтың ресми парақшасын шолып шығыңыз).

Эмин Ресейдегі танымал миллиардер Араз Ағаларовтың тұңғышы. Араз Ағаларов президент Путинге жақын кәсіпкердің бірі деп айтылады.

Crocus Group компаниясының негізін қалаған Ағаларов Кремльдің түрлі іс-шараларын өткізумен танымал болған. 2013 жылы Путин оған Ресейдің «Құрмет» орденін табыстаған.

"Мұндай мәселеде халықпен неге ақылдаспайды? Ресей элитасына жақын жанұяға қасиетті мекенді қалай бермекпіз?

Маңғыстау әкімдігі Бозжыраға құрылыс жүргізуге қалай рұқсат берген? Барлығын бизнеске айналдырмаңдар. Бүгін туризм дейді, ертең қандай мүддемен келетіні белгісіз.



Жасасаң өз еліңде жаса, өз табиғатымызды өзімізге қалдыр, Бозжыраның қалпын бұзба. Аруақтарды қорлама...", — деп шулап жатыр желідегі жұрт.

Халық осы мәселенің ашық талқыланғанын, Маңғыстау әкімдігінің біржақты шешім қабылдамай, ел мүддесін жоғары қоюын талап етуде. Әшкере осы бойынша өңір басшысына сауал жолдайтын болады.