Munarmedia.kz 08.06.2025 /Астана/-АҚШ-тың бұрынғы президентінің кеңесшісі Стив Бэннон миллиардер Илон Маскты АҚШ президентімен көпшілік алдында сөз таластырғаннан кейін елден қуып шығуға және оған қарсы бірнеше тергеу жүргізуге шақырды.
Бэннон The New York Times басылымына берген сұхбатында:
«Масктың иммиграциялық мәртебесіне қатысты ресми тергеу жүргізілуі керек. Себебі ол – заңсыз иммигрант, сондықтан оны елімізден дереу қуып шығу қажет», – деді.
The Hill газетінің хабарлауынша, Бэннон бұл мәлімдемесін өзінің Bannon’s War Room веб-шоуында да жалғастырып, АҚШ-тың бұрынғы Үкімет тиімділігі басқармасының басшысын да сынаған. Ол шоуда:
«Илон Маск – заңсыз иммигрант. Сондықтан ол бұл елден кетуі керек. Оны дереу депортациялау қажет», – деп мәлімдеді.
Илон Маск Оңтүстік Африкада дүниеге келіп, сонда өскен. Кейін Канадаға көшіп, содан соң АҚШ-қа қоныс аударып, АҚШ азаматтығын алып, SpaceX және Tesla компанияларын басқарды.