Баян-Өлгейде Бәделхан ұлы Классбайға арналған жыр мүшайрасы өтті

Бүгін Монғолияның Баян-Өлгей аймағында Монғолия Парламентінің екі мәрте депутаты, Монғолияның Еңбек ері, «Алтын жұлдыз»,
«Сүхбаатар» ордендерінің иегері Бәделхан ұлы Классбайға арналған ескерткіші ресми түрде ашылып, ұрпақтары атынан ас беріліп жатқанын мәлімдеген болатынбыз. Сонымен қатар «Бекбол Констракшн» Компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.Мүшәйраға Қазақстан және Монғолияның жазба ақындары Еңбек ері Бәделхан ұлы Классбайдың еңбегі мен өмірін ұлықтаған жыр шашуларын шашты. Мүшәйра қорытыныдысы бойынша бас жүлдені Өлгейлік ақын Жомарт Шынарбек, бірінші орынды Қабілет Бәделхан, екінші орынды қазақстандық ақын Асылбек Байжұма және
жүлделі үшінші орынды Заңғар Еркебек иеленді.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда бес күн ішінде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 жүргізуші қайтадан рөлге отырған
🕒 23.11.2026 11:35 · 👁 25
Қазақстандықтарға мемлекеттік органдардың атын жамылған алаяқтардан сақ болу ескертілді
🕒 23.11.2026 11:29 · 👁 9
Қазақстанда желтоқсан мен қаңтар айларында жалақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер болады
🕒 23.11.2026 11:26 · 👁 17
