Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Баратын жерім жоқ»: үш баласы бар әйел Алматы әкімдігі алдында түнеуге мәжбүр

113



Munarmedia.kz 14.06.2025 /Астана/-Алматы тұрғыны Миясар Тілеумұратова 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін баспанасыз қалды. Ол кезде оның күйеуі Талғат Қашыбеков оққа ұшқан, ал Миясар сол уақытта кенже баласына аяғы ауыр болған.


Қазір ол төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр: үлкені 14 жаста, кішісі — 3 жаста. Күйеуінің қайтыс болғаннан  кейін Миясар бірнеше рет Президент әкімшілігіне және Бас прокуратураға көмек сұрап жүгінген. Алайда, оның айтуынша, нақты көмек көрсетілмеген. Соңғы жолы одан тағы екі апта күтуін сұраған. Бірақ әйелдің айтуынша, күтуге мұршасы жоқ.

Бүгін ол үш баласын және бірнеше сөмкесін алып, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына келді. Пәтерақыны төлей алмағандықтан, жалдамалы пәтерден шығарылып, қазіргі таңда отбасының тұратын жері жоқ. Егер жергілікті билік оған баспана беруден бас тартса, Миясар әкімдік алдында түнеуге ниетті.


— «Баратын жерім жоқ, мүлде ешқандай жол қалмады», — дейді ол.