Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Оларда екінші мүмкіндік бар» – Трамп Иранды келісімге қайта шақырды

28



Munarmedia.kz 14.06.2025 /Астана/-АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында Иранға үндеу жолдады. Израильдің түнгі соққыларынан кейін Трамп әлеуметтік желіде қатарынан екі жазба жариялап, Иранды келісімге келуге шақырды.

Цитата

– Екі ай бұрын мен Иранға 60 күн ішінде «келісімге келу» туралы ультиматум қойғанмын. Олар мұны орындауы керек еді! Бүгін – 61-күн. Мен оларға не істеу керегін айттым, бірақ олар қолынан келмеді. Енді, мүмкін, оларда екінші мүмкіндік бар! – деп жазды Трамп.

Бұған дейін ол Иранға қайта-қайта келісім жасау мүмкіндігін бергенін айтқан.

– Мен оларға – ең қатаң сөздермен – «мұны жай ғана жасаңдар» дедім. Бірақ қанша тырысса да, қанша жақындаса да – олардың қолынан келмеді. Мен ескерттім: бәрі олар білетіннен, күткеннен немесе айтылғаннан әлдеқайда ауыр болады. АҚШ – әлемдегі ең озық әрі қауіпті әскери техника өндіруші ел. Израильде ол жеткілікті, әрі одан да көп болады. Және олар оны қалай пайдалану керегін біледі, – деп жазды Дональд Трамп.

Контекст

Өткен түнде Израильдің Қорғаныс армиясы Иран аумағындағы әскери нысандарға әуе операциясы басталғанын хабарлады. Израиль Иранға ультиматум қойып, ядролық нысандарға жауап шабуыл жасауға ескерту жасады.