Банкроттық рәсімі бойынша қандай өзгерістер күшіне енеді

142
Жаңа түзетулерге сәйкес, арыз берушіден несие берушімен қарызды реттеу туралы құжат талап етілмейді. «Ол банкрот мәртебесін алғысы келетіні туралы өтініш қана береді», - деді Қаржы министрлігінің өкілі. Бұдан басқа, азамат қарыздың нақты сомасын көрсетпейді, себебі бұл деректер кредиттік бюродан автоматты режимде алынады. Сондай-ақ, қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтілді, оған таратылған, түрлендірілген, лицензиясынан айырылғандар да енді. Төленбеген сома бойынша да өзгерістер бар. «Енді төлем сомасы 1 АЕК-тен аз болса, адам банкроттыққа өтініш бере алады», - деп атап өтті Е.Біржанов. Арыз берген кезде адамның борышын беру, қандай да бір шараларды қолдану жөніндегі барлық іс-әрекеттер тоқтатылады. Сондай-ақ, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс шығуына салынатын тыйым алынып тасталды.