Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды

43

Munarmedia.kz 02.09.2025 / Астана / Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында «Талибан»* мүшелерімен ауыр қару қолданылған атыс болды. Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Шахр-и-Бузург ауданының Дованг ауылында орын алған қақтығыс кезінде бір содыр қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Afganistan International».

Қақтығыс 24 тамыз күні болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, шиеленіске Ауғанстандағы алтын өндірумен айналысатын қытайлық кен компанияларының қызметінің кеңеюі себеп болған. Бұл компаниялардың әрекеті Пяндж өзенінің арнасын бұзып, Тәжікстанның пікірінше, аймақтағы су қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, су тасқыны қаупін арттырған. Ақпарат көздері атыстың кен өндіру жұмысына қатысқан талибтер мен тәжік шекарашылары арасында* болғанын нақтылайды.

Қақтығыстан кейін екі күннен соң, Довангта Ауғанстан мен Тәжікстан өкілдерінің кездесуі өтті. Алайда келіссөздер шиеленіскен жағдайда өткен. Кабул Душанбені «Талибанға» қарсы 350 қарулы жауынгерді жаттықтырып жатыр деп айыптаса*, Тәжікстан Ауғанстанды содырларды паналатып отыр деп мәлімдеген. Бұл туралы «Afganistan International» хабарлап, атыс пен келіссөздерден бейнематериалдар жариялады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, келіссөзге Тәжікстан тарапынан Шамсиддин Шохин ауданындағы шекара жасағының бастығы, ал талибтер* тарапынан Бадахшан провинциясындағы Талибанның тау-кен департаментінің басшысы Шафикулла Хафизи* қатысқан.

Тәжікстан мен «Талибан» өкілдері бұл оқиғаға ресми пікір білдірген жоқ.*

Айта кетейік, жуырда Тәжікстанның Шамсиддин Шохин ауданында шекарадан заңсыз өткен бір топ қытайлық алтын іздеуші ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Сонымен қатар, соңғы айларда талибтер мен жергілікті ополченецтер мен қытай компаниялары арасында ресурс өндіру мәселесіне байланысты жиі жанжалдар шығып жатқанын* айғақтайтын мәліметтер де бар.

Мысалы, шілде айының соңында БАҚ Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы алтын кен орнында қытайлықтар мен жергілікті содырлар арасында қақтығыс болғанын хабарлаған. Сегіз адам қаза тауып, оның төртеуі — Қытай азаматтары болған.

Тамыз айының соңында АҚШ басылымдары талибтердің қытайлық мұнай компаниясымен жасалған келісімді біржақты бұзып*, Амудария бассейніндегі кен орындарын бақылауға алғанын жазды. Ақпарат көздеріне сәйкес, Қабулда 12 қытайлық қызметкер ұсталып, олардың төлқұжаттары тәркіленген. Сегізі еліне қайтарылса, қалғандарының тағдыры белгісіз.


* «Талибан» қозғалысы БҰҰ-ның санкциялар тізіміне енгізілген, Тәжікстанда террористік ұйым ретінде танылып, тыйым салынған. Ресейде бұл ұйымға тыйым салу уақытша тоқтатылған.