Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаров қаза тапты

36

Munarmedia.kz. 31.10.2025 /Астана/-Астанада белгілі мемлекеттік қызметкер, бұрынғы вице-министр және Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров өлтірілді.

Марқұм 2019–2022 жылдары Алматы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Соңғы қызметі — Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. Бұған дейін ол Президент кеңесшісі, Мәдениет және ақпарат вице-министрі және басқа да жауапты лауазымдарда болған.

Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс екі адамның арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.