Munarmedia.kz 26.12.2025 /Астана/ АҚШ-тың Арканзас штатының тұрғыны Рождество қарсаңында өткен Powerball лотереясының ұтыс ойынында 1,82 млрд АҚШ доллары көлеміндегі джекпотты жеңіп алды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Ұтыс билеті иесі лотереядағы алты нөмірдің барлығын дәл тапқан.
Аталған ұтыс — АҚШ тарихындағы көлемі бойынша екінші ең ірі лотереялық джекпот, сондай-ақ Powerball лотереясы үшін рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бұған дейін, 2022 жылғы қараша айында Калифорния штатында 2,04 млрд доллар көлеміндегі джекпот ұтылған болатын.
Жеңімпаз ұтысты 29 жыл бойы жыл сайынғы төлемдер түрінде алуына немесе біржолғы төлем ретінде 834,9 млн доллар көлеміндегі соманы таңдауға құқылы.