Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер мұнай бағасына әсер етуде

13



Аналитиктердің мәліметінше, әлемдік экономикалық өсімге төнетін қауіптерді азайтып, мұнайға деген сұранысты қолдайтын келісімге қол жеткізіледі деген үміт бар.

Сауда сессиясы барысында мұнай бағасы барреліне 67 долларға дейін (+0,8%) біршама өсті. Азия қаржы корпорациясының (АҚК) мәліметінше, бұл АҚШ пен Қытай арасындағы Лондонда өтіп жатқан келіссөздерге байланысты туындаған оптимизм аясында орын алды.

— Аналитиктердің бағалауынша, келісімге қол жеткізуге деген үміт бар, бұл жаһандық экономикалық өсімге төнетін тәуекелдерді азайтып, мұнайға деген сұранысты қолдауы мүмкін. Алайда келіссөздердің нақты нәтижесінің болмауы мұнай нарығына қысым түсіруі ықтимал, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сарапшылар Қытайдың экспортының баяулауы мен импортының, соның ішінде шикі мұнай импортының қысқаруы жөніндегі алаңдаушылықтың сақталып отырғанын атап өтуде.