Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

13

Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-25 шілде күні Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Exclusive.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары қатыстырылған іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

«2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына арнайы комиссия аттанды. Ол апаттың барлық мән-жайын анықтайды.

Қосымша ақпарат ресми деректер түскен сайын жарияланатын болады.

Фото: Pexels.