Ақмола облысындағы әуе апатын тергеу үшін комиссия құрылды

49

Munarmedia.kz 19.08.2025 ж. /Астана/-Ақмола облысында Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты арнайы комиссия жасақталды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 17 тамызда авиацияның жалпы пайдаланым желісі бойынша ұшып шыққан аталған әуе кемесімен байланысты болған. Қолданыстағы авиациялық оқиғаларды тергеу ережелеріне сәйкес, апаттың себеп-салдарын анықтайтын комиссия құрылды.

Көлік министрлігі апаттан кейін әуе кемесінде өрт шықпағанын нақтылады. Оқиға орнына министрлікке қарасты апаттарды тергейтін департамент мамандары жөнелтілген.

Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі Ақмола облысында жекеменшік әуе кемесінің құлағаны туралы хабарлаған болатын.

Фото дереккөзі: Telegram-арна @Burkit001