Munarmedia.kz 19.08.2025 ж. /Астана/-Ұлттық банктің дерегінше, 2025 жылғы шілдеде елдегі жылдық инфляция 11,8%-ды құрады (маусымдағы көрсеткіш те – 11,8%). Дегенмен, аймақтық тұрғыда баға өсімінің қарқыны біркелкі болған жоқ: 12 өңірде инфляция жеделдесе, жеті өңірде баяулап, бір өңірде өзгеріссіз қалды.
Ресми хабарламада атап өтілгендей, азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 11,2%-ға дейін жеделдеді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 9,5%-ға қымбаттап, қызмет көрсету секторындағы өсім 14,9%-ға дейін баяулаған.
Сонымен бірге, айлық инфляция 0,7%-ды құрады. Бұл көрсеткіш ішкі нарықтағы баға қысымының әлі де сақталып отырғанын аңғартады.
Дереккөз фото: 2gis.kz