Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-Ақмола облысында Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі мас күйінде қоғамдық орындардың бірінде төбелес ұйымдастырғаны үшін қызметінен шеттетілді.
Оқиға салдарынан төбелеске қатысушылардың барлығы жеңіл жарақат алған. Полиция тарапынан досудьялық тергеу басталып, кейіннен тараптардың өзара татуласуына байланысты іс тоқтатылған.
Алайда мемлекеттік қызметкердің әрекеті мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіргендіктен, әкім жұмыстан босатылды.
Бұған дейін де Орал қаласында құмар ойындарға қатысқаны үшін 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы қызметінен айырылған болатын.
• Фото: Pixabay.