Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті.
Өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда қазақ тіліндегі әдеби және цифрлық жобаларға 50 млн теңгеге жуық грант бөлінеді
🕒 24.11.2026 10:33 · 👁 8
Ақмолалық ұстаз самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
🕒 24.11.2026 10:26 · 👁 90
Моңғолия қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері жинағы қайта жарық көрді
🕒 24.11.2026 10:22 · 👁 68
