Әділет министрлігі шенеуніктері пара алғаны үшін сотқа беріледі

25

Munarmedia.kz 12.11.2025 /Астана/  Жамбыл облысында Әділет министрлігіне қарасты облыстық әділет басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шамғунов пен оның орынбасары Берікбол Байұзақов пара алу күдігімен сот алдында жауап бермек. Тергеу мәліметінше, олар жеке сот орындаушыларынан жүйелі түрде ақша алып отырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілерді шамамен бір ай бұрын ұстаған. Тергеу барысында олардың лицензиясынан айырылуы мүмкін жеке сот орындаушыларды қорғау үшін пара алғаны, ал төлем мөлшері 100 мың теңгеден басталғаны анықталған.

Ресми деректерге сүйенсек, Бауыржан Шамғунов бұған дейін сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімін басқарған, мемлекеттік қызметте 19 жылдық тәжірибесі бар.

Тергеу кезінде екі шенеунік те өз кінәсін мойындаған. Қазір іс жеделдетілген тәртіппен сотқа жіберілді.

Айып дәлелденсе, оларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.